Қазақстанда жаңа мереке бекітілді – Абай күні

Абай күні 10 тамызда аталып өтілетін болды. Бұл күн қазақ ақыны, ойшыл, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туған күні.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин 4 тамызда 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізімін бекіту туралы» үкімет қаулысына толықтыру енгізу туралы №495 қаулысына қол қойды.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Респуликасындағы мереке күндерінің тізімін келесі мәтінде 22-1 тармағымен толықтырылды: 10 тамыз Абай күні», – делінген құжатта.

Осы қаулы оны алғаш рет ресми түрде жариялағаннан күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетер болсақ, Абай Құнанбаев 1845 жылдың 10 тамызында Семей уезінде  дүниеге келген. 2020 жылы елімізде қазақ жазба әдебиетінің классигінің 175- жылдығын ауқымды атап өту көзделген, алайда пандемияға байланысты бұқаралық іс-шаралар тоқтатылған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған