Қазақстанда коронавирус туралы сайт іске қосылды

Cайтта төтенше жағдай режимі, карантин кезіндегі тәртіп ережелері, Covid-19 қарсы күрес бойынша мемлекеттің қабылданып жатқан шаралары бойынша барлық өзекті ақпарат жиналатын болады.

Қазақстанда Coronavirus2020 сайты іске қосылды деп ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Ол бүгінгі таңда қоғаммен қарым-қатынас әлі де жеткілікті түрде тиімді емес екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, фейк ақпаратты әсіресе мессенджерлер арқылы тарату бойынша көптеген проблемалар бар.

«Осыған байланысты www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын жариялағым келеді. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сайтта аурудың алдын алу, симптомдар, инфографикалар, суреттер форматындағы симптомдарды анықтау кезінде мінез-құлық ережелері туралы пайдалы ақпарат жинайды.

«Азаматтар үшін арнайы «Сұрақ-жауап» бөлімі құрылады, оның аясында азаматтар барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады. Сіздерден осы ақпаратты бөлісуді және тек сенімді көздерге сенуді сұраймын!»- деп атап өтті министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған