Қазақстанда кәсіпкерлерге көмек көрсетудің жедел штабы ашылды

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жедел штаб құрды. Оған коронавирустың таралуына байланысты бизнесі шығынға ұшырағандар жүгіне алады.

Қазақстан кәсіпкерлерінің басым көпшілігі экспорттық позицияларға әлемдік бағаның айтарлықтай өзгеруінен, жеткізілімдердің, клиенттер мен түсім ағыны төмендеуінен қауіптенеді. Бұл процесті нивелизациялау үшін «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерімен кері байланыс орнатуда.

Жедел штабтың міндеттері:
1. Бизнес үшін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ахуалдағы ықтимал теріс салдарларды бағалау: импорттық шикізатты, жабдықтар мен жинақтаушыларды сатып алу проблемалары; қаржыға қол жеткізу (айналым қаражаты, валюталық қарыз, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т. б.).
2. Күн сайын бизнестен алынған деректерді жүйелеу және өңдеу.
3. Бизнесті дамытуға арналған мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарығы, қолдау шаралары).
4. Бизнес деректерін талдау негізінде ҚР Үкіметі үшін ұсынымдар әзірлеу.
Бизнеспен кері байланыс ҰКП call-орталығы арқылы жолға қойылады (1432 қысқа нөмірі).
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның бизнес қауымдастығын кері байланысты жедел жолға қоюға, сұрақтар мен ұсыныстарға жүгінуге, сондай-ақ тәуекелдердің бар-жоғы және бизнес үшін ықтимал зардаптар туралы хабарлауға шақырады.
– Біз жедел штаб құрдық. Басты міндет – кері байланыс орнату және олардың қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін, қандай ұсыныстар бар екенін, қандай көмекке мұқтаж екенін, қандай кедергілерге тап болатынын, қандай сын-қатерлер бар екенін білу үшін кәсіпкерлермен үнемі байланыста болу. Бір тәулік ішінде біздің бизнесмендерден мыңнан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті, – дейді Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
Айта кетейік, азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы күрес мақсатында «Атамекен» ҰКП басшылығы 16 наурыздан бастап барлық бизнес-үдерістерді сақтай отырып, ұйымның жұмысын барынша қашықтан жүзеге асыру режиміне көшірді.

Кәсіпкерлер үшін келесідей қызметтер көрсетіледі:
– Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері services.atameken.kz сайтында онлайн-форматқа көшіріледі, облыс орталықтарында тек кезекші қызметкерлер ғана болады, олар онлайн-қызметтерді қалай пайдалану керектігін көрсетеді және түсіндіреді. Аудан орталықтарында мұндай қызметті филиал директорлары немесе кеңесшілер атқарады;
– «Бастау», «Бизнес-Мектеп» (бұрын «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу») бағдарламалары бойынша оқуға арналған барлық өтінімдер email бойынша онлайн қабылданады. Мекен-жайларды өңірлік палаталардың телефондары арқылы анықтауға болады;
– сертификаттау қызметтері бойынша өтінімдер онлайн-режимде, ал консультацияларды ӨКП-нан телефон арқылы алуға болады, аса қажет болған жағдайда кезекші қызметкер кәсіпкерге сол жерде кеңес береді;
– барлық жұмыс кеңестері тоқтатылады және онлайн-режимге ауыстырылады.

«Атамекен» ҰКП Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған