Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге қалдырылды

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 1-ші сәуірге дейін кейінге қалдырылды.

Бұған дейін автокөлік иелері 31 желтоқсанға дейін мемлекетпен есеп айырысуы керек еді. Салық кодексіне түзетулер және олардың қашан күшіне енетіні туралы заңдарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын бір төлемге біріктіру қарастырылған. Сондай-ақ, олар көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлетуден бас тартуды көздеп отыр.

Салық кодексіне түзетулер осы жылдың наурыз айында талқылана бастады.

Оларға Президент қол қойғаннан кейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мұның бәрі қалай жұмыс істейтіні туралы түсініктеме күтуге тура келеді.

Жарияланған күні

11 желтоқсан 2020

Қызмет бағыты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған