Қазақстанда COVID-19 дерті симптомсыз өтетін науқастарды емдеуге жатқызбайды

Қазақстанда мамыр айынан бастап КВИ симптомсыз өтетін науқастарды емдеу тактикасы өзгертілді. Енді олар инфекциялық ауруханаларға жатқызылмайды. Үйде оқшаулаунса жеткілікті.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртановтың айтуынша, жүргізілген зерттеулер нәтижесі инфекция белгілері жоқ адамдар басқа науқастар секіллі қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін көрсетеді.

– Бұған дейін біз симптомсыз науқастарды ауруханаға жатқыздық. Бірінші уақытта тіпті оларды емдедік. Бірақ кейін хаттамалар халықаралық ұсыныстарды ескере отырып өзгертілді, – деді Елжан Біртанов онлайн-брифингте.

COVID-19 дерті бар адамдарда ауру симптомсыз өтетін болса, үйде оқшаулауланады және амбулаториялық медициналық бақылауға жатады. Бірақ үй карантинінде болу үшін тиісті жағдайлар болуы керек – кем дегенде жеке бөлме болуы тиіс. Вирусты тасымалдаушыда және оның туысқандарында ауыр созылмалы аурулар болмауы тиіс.

Өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау қажет, тіпті пәтерден тыс шықпау керек.

Жұқтырғандарға учаскелік дәрігер жүйелі қоңырау шалу арқылы – күніне кем дегенде екі рет қадағалап отыру тиіс. Телефон арқылы сөйлескен кезде дәрігер жұқтырушының жағдайы нашарлауына жол бермеу үшін денсаулық жағдайы туралы сұрап отыратын болады.

Егер жұқтырылған адамның денсаулығы үшін қауіпті факторлар болса және үйде оқшаулану үшін жағдай болмаса, онда адамды стационарға орналастырады. Емдеуге жатқызу туралы шешімді Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық бөлімшесінің эпидемиологымен келісім бойынша БМСК дәрігері қабылдайды. Сондай-ақ пациенттің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда оны емдеуге жатқызу туралы мәселе жеке дара қарастырылады.

Қазір Қазақстанда симптомсыз науқастар үшін үй карантинінің мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды.

– Оныншы тәулікте біздің тест алушыларымыз науқасқа келіп, талдау алады. Егер ол адам сауықса, онда бақылаудан алынады, – деп атап өтті Елжан Біртанов.

Егер тест оң нәтиже көрсетсе, онда үй карантині 14 күнге дейін ұзартылады. Сонан соң тағы да талдау жасалады. Осылайша науқас сауыққанға дейін қайталайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы қаулысына сәйкес, елдегі тұрғын үй кіреберістері карантинге жабылмайды.

Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылдың 3 маусымына дейінгі мәліметтері бойынша, Қарағанды және Теміртау қалаларында карантинге жабылған кіреберістер жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған