Қазақстанда бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейтін болды

Қазақстанда жыл соңына дейін бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейді. Бұл туралы бизнесті қолдау мәселелері бойынша өтіп жатқан Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап үш жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілгенін білесіздер. Сонымен қатар жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді, – деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің «адалдық» презумпциясы қолданыста.

– Бұл заңнамадағы әр түрлі оқуларды адал кәсіпкерлердің пайдасына түсіндіруге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Руслан Дәленов.

Министр сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері кірістеріне салынатын салықтан үш жылға босатылғанын атап өтті. Экономиканың әр түрлі салаларында 2020 жылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар, әлеуметтік төлемдер және мүліктік салық бойынша мөлшерлемелер нөлденеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жыл соңына дейін жер салығының мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы импорт үшін есепке алу әдісімен ҚҚС төлеу мүмкіндігі берілді. 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС ставкасы 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді. 1 маусымға дейін салықтық әкімшілендіру және бақылау шаралары тоқтатылды. Барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту енгізілді.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған