Қазақстан Республикасының жаңа  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін іске асыру

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне 2020 жылы 29 маусымда қол қойылды және 2021 жылы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

ӘРПК әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін реттейді. Бұрын Қазақстанда мұндай кодекс болған емес.

Әкімшілік рәсімдердің міндеттері жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, мемлекеттік тиімді және бейтарап басқаруды, оның ішінде адамдардың басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық салада заңдылықты нығайту болып табылады.

ӘРПК қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесінде және жоғары тұрған органда және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтар мен бизнес құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі.

Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған