Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күніне орай эстафета бастады

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Туған елге – мың алғыс!» жалпыұлттық эстафета басталды. Мерекелік бейне челлендж Алғыс айту күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Қазақстан халқы Эстафетаны Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева іске қосты. Оны ҚХА мүшелері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, журналистер, блогерлер, еріктілер жалғастырып алып кетті.

Эстафетаның міндеті барлық қазақстандықтарды Алғыс айту, бірлік, бейбітшілік және келісім идеясының айналасына біріктіру болып табылады.

Челленджге кез келген қазақстандық қатыса алады. Ол үшін өзіңіздің әлеуметтік желіңізде өзіңіздің алғыс сезіміңізбен бөлісетін бейнероликті жариялап, #туғанелгемыңалғыс, #tuganelgemynalgys хештегін атап өту қажет.

Эстафета 5 наурызға дейін жалғасады.

assembly.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған