Қазақ дәстүрлері мен жалған салафизм

Соңғы кезде елімізде дәстүр мен дінді бөліп қарайтын жастар тым көбейіп барады. Дәстүрді исламнан бөліп қарауды кейбір ағымдар әдейі теріс пиғылмен насихаттап отырса, жастар білместікпен солардың сөзіне сеніп, ата-баба дәстүріне қарсы шығуда. Осы ретте дін мен дәстүр сабақтастығын, салт-сана мен діни танымның бір арнада тоғысатындығын дәлел-дәйектер арқылы дәлелдеудің орайы туды. Ержан қажы Малғажаұлының «Дін мен дәстүр» атты кітабында бұл құнды дүние сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі діни танымымызды түрлі ағымдардың теріс насихатынан, жаңсақ жорамалдардан қорғайды.

Қалай десек те, қазір біз ортамызға от ала келген ағымдар мен дәстүрге қарсы шығушыларға сол дәстүрлі мұсылманшылығымыз арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Дінімізге, дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді сақтап, дербестігімізге ие болып қала аламыз. Сондықтан қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермізді құрметтеуіміз керек. Сәуегейлік, болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ ашу, әр нәрсені киелі тұтып сиыну, табыну үрдістері мұсылманшылыққа жат қылықтары ана сүтімен дарыған мұсылмандық сеніміне селкеу түсіріп, әрі-сәрі күйде қалдырады. Көпшілік мұны білместікпен істейді, жалған дүниенің соңында қазақы мұсылманшылыққа зардабын тигізеді. Тым болмаса, қазіргі кезде қалыптасқан ислами таныммен ара-жігін ажыратып жатпайды. Себебі, олардың басым көпшілігінде шынайы рухани ұстаным қалыптаспаған. Сондықтан да сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ надандық ұғымдарды дәріптеуші жалған салафизмге қарсы  дұрыс пен бұрыстың ара-жігін ажыратып, халықтық мәдениет пен танымның біртұтастығын сақтау жолында жұмыс жасауымыз қажет.

Х. Әкімжанов,

Жастар ресурстық орталығының басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған