Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің классигі» атты әдеби кеш өтті.
Тағлымды шараның басты мақсаты – жазушының шығармалары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Жастарды қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен таныстыру арқылы кітап оқуға шақыру мен рухани жағынан байыту болып табылды. Әдеби кеште Теміртау қаласының 21 орта мектебінің мұғалімі Ботагөз Ниханбаева мен Теміртау орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Данагүл Умирбаеваларбелгілі жазушының шығармашылығы жайлы баяндамалар жасады. Ардагер-ұстаз Тағрифа Әбдуахитовамен Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының бөлім басшысы Дәуірбек Кетебаевтар қазақ қаламгерлерінің шығармалары арқылы жастарға рухани азық берудің маңызына тоқталды. Шараға Теміртау қаласы мектептерінің әдебиет пәнінің мұғалімдері мен оқушылары, колледж суденттері және Теміртау қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысып, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығымен танысып, арнайы әзірленген кітап көрмесін тамашалады.Соңынан Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысының орынбасары Гүлжан Кударинова жастарға тәрбиелік мәні зор шараның маңыздылығын атап өтіп, белсенді қатысушыларға Алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған