Ауыр індет – сақтану міндет!

Вирус, вирус…, Коронавирус,

Адамзатқа зұлмат – тар қиылыс.

Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,

Қиналғанын сезіну ең ауыр іс.

Ауыл емес, қала емес, бүкіл әлем,

Аза тұтып, қорқынышта тұр бүгін.

Қызметінен кідіріп үлкендерім,

Оқшауланып тар үйде сәбилерім.

Оқуы да жоқ, ойыны да қашықтықтан,

Оқшаулану бәрімізге істер шара.

Ауырғаны, бақилығы, сауыққаны,

Еститінім ақпарат – бітеу жара.

Жан қиналып ертелі-кеш дәрігер,

Жанталасып емдеп жатыр дем беріп.

Ұйқы көрмей, күлкі көрмей, сәбиін де сағынып,

Телефонмен сәлемдесіп қиылып… .

Неткен биік ар – ожданың хас маман,

Барша халық ризалықпен тұр бас иіп!

Үлкеніміз, кішіміз, біз біргеміз,

Талай үлкен зұлматтарды көргеміз.

Елім аман болсыншы, жұртым тегіс,

Сол болсыншы бізге берер үлкен жеңіс!

Бұл індеттен сақта құдай ғаламды,

Қаламды да, ауылымды, даламды.

Жұмағазы Сапаров,

Осакаров ауданының Құрметті азаматы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған