Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі кеңес барысында олар өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Аграршыларды субсидиялау мәселесі толғандыруда. Өткен жылы мемлекеттік дотацияға бұрын-соңды болмаған ауқымды сома бөлінді.

– Өткен жылы ауыл шаруашылығы үшін 21 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді, бұл 2018 жылға қарағанда 1,5 есе көп.

Фермерлерге көмек көрсету және отандық өндіріс көлемін арттыру үшін субсидиялау жүйесіне түзетулер енгізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қандай өзгерістер күтетіні туралы Айдарбек Сапаров айтып берді.
– Субсидиялаудың жаңа тәсілі үш жылдық бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. Бұл бір жылдың бюджетімен шектелмей, субсидияға өтінім беруге мүмкіндік береді. Белгілі бір өлшемдер бойынша облыстық бюджет есебінен де дотация мөлшері ұлғайтылуы мүмкін. Сондай-ақ, өтінімдердің электрондық тізілімін құру жоспарда бар. Оларды қарау маманның облыс орталығынан шаруа қожалығына шығу қажеттігіне байланысты созылды. Сондықтан біз аудандық және қалалық әкімдіктерде өтініштер қабылдау пункттерін ашуды шештік, – деп атап өтті ол.

Биыл жоспарланған 490 миллион теңге субсидияның 483 миллион теңгесі төленді.

Аграршылар бірінші вице-министрден өңдеуші өнеркәсіпке мемлекеттік субсидияларды ұлғайту туралы сұрады.

– Бүгінгі күні импорттық өнім бұрынғысынша арзан. Бізде, керісінше, шикізаттың сатып алу бағасының жоғары болуына байланысты өзіндік құн артты. Егер біз құнды төмендетпесек, біз бәсекеге қабілетсіз болып қаламыз. Біз қайта өңдеу кәсіпорындарына сиыр етін жеткізуді субсидиялауды ұсынамыз. Бұл шикізат бағасын тұрақтандыруға және біздің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді, – деді «Апрель Құлагер» ЖШС директоры Александр Воленберг.

Айдарбек Сапаров барлық ұсыныстарды Үкіметке жіберіп, отандық өндірушілерді қолдау үшін шаралар қолдануға уәде берді.

Бірінші вице-министр тыңайтқыштардың жетіспеушілігі мәселесіне де назар аударды. Қарағанды облысында бұл мәселе шешілуде. Тыңайған жерлердің көлемін 100 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Суармалы жерлер де көп болады – 1000 гектарға дейін. Қосымша суару жүйелері Осакаров, Нұра, Абай және Бұқар Жырау аудандарында орнатылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған