Ауданда гемодиализ  орталығы ашылды

 

Аудандық орталық аурухана базасында гемодиализ  орталығы ашылды. Бұл – мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясындағы аса маңызды және өте қажетті жоба. Оның жүзеге асуына ұйтқы болған «Diaverum» компаниясы.

Ел бойынша гемодиализ клиникаларының желісіне ие компания  облыс бойынша оннан астам гемодиализ орталығын ашты. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары гемодиализ қызметтерін Қарағанды, Теміртау қалаларынан алып келді. Бұдан былай олар гемодиализ қызметтерін аудан орталығынан алатын болады.

Орталықтың ашылу салтанатында Медициналық директор Жанар Жумакаева және аймақтық директор Жұлдыз Нұрсеитова жылы лебіздерін білдірді.

  • Адамдардың денсаулығы – ең басты байлығымыз. Бұл орталықта ең заманауи, жоғары технологиялы құрылғылар орнатылып, 8 диализ станциясы қойылды. Орталық 35 науқасты қабылдай алады,-деді Жұлдыз Нұрсеитова.

Бүгінде орталықта 10 науқас есепте тұр, 8 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Бүйректің созылмалы дертіне шалдыққан науқастарға жоғары білікті мамандар дәрігерлік көмек көрсетеді. Әр ем алушының орталыққа келуі мен үйіне қайтуы қамтамасыз етіліп, тамақтануы және гемодиализ қызметтері тегін жүеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған