Аудан әкімі ардагер аналарды құттықтады.

Гүл көктемнің ең жүрекке жылы мейірімді мерекесі – 8 наурыз Халықаралық əйелдер күні қарсаңында аудан əкімі Нұркен Кобжанов ауданымыздың ардақты аналарына барып құттықтады.

Аудан басшысы Нұркен Кобжанов пен аудандық мəслихаттың хатшысы Қанат Саққұлақов ең алдымен Күміс алқа иегері, 82 жастағы Ома- рова Кенжетай Жəкенқызының шаңырағына келіп, көктем ме- рекесімен арнайы құттықтады. Кенжетай Омарова Құндызды ауылының 2 бөлімшесінде дүкенде жұмыс жасаған. Сауда саласында 30 жылдан астам жұмыс жасаған əжей «Ерен еңбегі үшін» медалімен мадақталған. Ауылдастарына сыйлы, қызметтестерінің ара- сында бедел мен құрметке ие əжейдің жолдасы Файзулла Омаров республика көлеміне танымал озық механизатор болған. Жастық жігерін, қажыр қайратын еліміздің өсіп өркендеуіне арнаған, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырған ардақты ана үлкен қызы – Макка мен жұбайы – Ғалымжан Құсайыновпен бірге тұрып жатыр. Тоғыз құрсақ көтерген əже қазіргі таңда 18 немере, 15 шөбере көріп отырған бай, бақуатты ана. Нұркен Кобжанов бастаған өкілдер Котова Анна Никаноровнаға кіріп шықты. Үнемі жігерлі, көтеріңкі көңіл күйде жүретін Анна Никано- ровна осы жолы да жайдары қарсы алды. Əде тт егідей о р д е н , ме дальдарға толы кителін к и м е й , ш ұ ғ ы л а л ы к ө к т е м н і ң алғашқы мереке- сінде əжей гүлді көйлегін киіп алыпты. Əжейдің Гер- манияда тұратын қызы Зоя к е лг е екен. Зоя апай анасын мейрамда құттықтай келген аудан басшы- сына ризашылығын біл- діріп, анасының қамқор ж а н д а р д ы ң қарамағында екенін айтты. Аудан əкімшілігі, ə л е у м е т т і к бағдарламалар бөлімі соғыс ардагерін ешқашан назардан тыс қ а л д ы р м а й д ы Əлеуметтік қызметкер Наталья Каскеева бір туғандай болып кетсе, оқушылардан құралған еріктілер тобы үнемі қолғабыс етіп, келіп тұрады. Анна Никаноровнаның қызы жастар орталығының маманы Дмитрий Филиповты ерекше атап, алғысын жаудырды. Келесі кезекте басшылық аяулы ана, соғыс ардагері Сте- панова Мария Дмитриевнаның шаңырағына бас сұқты. Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы қарсаңында Нұркен Сайфидди- нович пен Қанат Келгенович батыр ананы құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Мария Дмитриевна Қазақстанға сонау 1955 жылы 34 жасында комсомал жолда- масымен келген еді. Осака- ровка кентіндегі жиһаз фабрикасында жұмыс істеп, қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен марапат- талды. Үстіміздегі жылы 99 жасқа келеді. Жер бетінде тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақталған шағынан ізгіліктің дəнін сепкен аналардың бірі – Макаренко Елена Вячеславовна. Бес ба- лалы ананың соңғысы егіздер екен. Үлкен қызы студент болса, екі баласы мектепте оқып жүр. Егіздері Неля мен Дмитрий 4 айлық қана. Отбасының береке-бірлігін ойлап, қазан -ошақты дөңгелетіп отырған Елена қаңтар айынан бастап ШАК мөлшерінде атаулы əлеуметтік көмекті алып отырғанын айтты. Осынау көктем мерекесінде əр үйдің, отбасына ырыс пен береке, баянды бақыт, əсемдік тілеп, сый сияпатын жасаған аудан басшысы: «Отанның ме- рейі – ана қуанышы, əйел қуанышы», – екенін айтты.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған