Аудан кәсіпкерлері меморандумға қол қойды

Осакаров ауданының әкімдігі мен аудан кәсіпкерлері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов ауданның орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 23 наурызындағы төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның отырысында жұмыс берушілердің және кәсіподақтың арасында өндірістік үдерістерді, еңбек құқықтарын қамтамасыз етуді тұрақтандыруды  тапсырғанын айтты.

Меморандумның мақсаты – өндірістік кешеннің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемі азайған жағдайда, жұмысшылардың денсаулығын ескере отырып, мамандықтарға қайта оқытып, басқа жұмыс орындарына аудару.

Осакаров ауданының кәсіпкерлері «МП Алтын Астық» ЖШС басшысы Ерлан Есентаев, «Найдоровское» ЖШС басшысы Павел Лущак,  «Жана Ай» ЖШС басшысы Вячеслав Шамордин, «Садовое и К» ЖШС басшысы Владимир Эммерих, «Ясная поляна» ШҚ басшысы Михаил Чолокиди, «Жатва» ШҚ басшысы Иван Ямковой  ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қазіргі таңдағы сын сағатта кәсіпорындар мен ондағы қызметкерлердің жағдайы баршаны алаңдатып отырғаны анық. Осы кезеңде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару маңызды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған