Аудан басшысы нысандарды бақылауда

Апта басында аудан әкімі Нұркен Кобжанов ЖҚЖК –ның 3-ші бағыты – инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта құрылымдау және салу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарды бақылап қайтқан еді.

Аудан басшысы Қаратомар ауылдық округіндегі Сенокосный ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу жұмысымен танысты. Жолға қиыршық тас төселіп, көше бойындағы жолға құм төгілген. Мұнда «ДИЛА КОМПАНИ» ЖШС жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар Молодежный кентінде «Анис» ЖШС –нің  кентішілік жолдарға жүргізіп жатқан орташа жөндеуі тексерілді.  ЖШС басшысы Ашот Володяй асфальт төсеу жұмыстарының кестеге сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  Кенттің Графтио, Қ.Сәтпаев, Ш. Уәлиханов және Космановтар көшелері қалыпқа келтірілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған