Аудан басшысы «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов ауданымыздың Алтын белгі иегерлерімен кездесіп, төсбелгіні арнайы табыстады.

Биылғы жылы соңғы қоңырау онлайн режимде соғылып, 2019-2020 оқу жылының түлектері үшін естен кетпес оқиға ретінде тарих бетінде қалатын болды. Осакаров ауданында биылғы оқу жылын 11-сыныптың 316 түлегі тәмамдап отыр. 6 түлек  «Алтын белгіге», жеті түлек ерекше аттестатқа ие болды. Аудан әкімі Нұркен Кобжанов ауданның білім ошақтарына арнайы барып, алтын белгі иегерлерімен кездесті.

Аудан басшысы Сенакосный селосының № 29 орта мектебінің екі бірдей оқушысы  Айсұлу Бисолтан мен Жанерке Кадербек,  Молодежный кентінің № 23 ОМ мен №26 ОМ түлектері Аружан Арманқызы мен Сергей Сердюк, Осакаровка кентінің № 1 орта мектебі мен №12 ОМ оқушылары Аружан Оспанова мен Наталья Пятаға «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады.

–           Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ. Білімді, білікті азаматтары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз,- деді аудан басшысы. Нұркен Сайфиддинұлы  асқақ арман арқалаған жас түлектердің алдында тағы бір үлкен сын Ұлттық бірыңғай тестілеудің тұрғанын айтып, одан сүрінбей өтуді тіледі.

Салтанатты жиынға қатысқан ата-аналар толқып, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына рақметін айтса, сынып жетекшілері кешегі шәкірт, бүгінгі түлекке ақ жол тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған