ҚарМУ-де «қашықтан» сессия басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унверситетінің студенттері сессия тапсыра бастады. Оқытушылар олардан емтиханды қашықтан қабылдай бастады.

– Сессия енді ғана басталды. Дегенмен бірінші күн нәтижесі дистанциялық технологияларды қолданудың артықшылықтары бар екенін көрсетті. Студент өзін үйреншікті ортада анағұрлым ыңғайлы сезініп, емтиханды жақсы тапсыра алады, – деп атап өтті оқу ісі жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков.

Университетте күндізгі, күндізгі-қысқартылған және сырттай (бакалавриат, магистратура, докторантура) 12 801 адам оқиды. Оқытушылар мен студенттерге онлайн-вебинарларда «қашықтықтан өтетін» сессияның рәсімі туралы айтылды. Ректордың м.а. Еркебұлан Тажбаев тікелей эфир жүргізіп, емтихандарды жаңа форматта тапсыруға қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

Проректордың айтуынша, сессияның алғашқы күні үш мыңға жуық студент емтиханнан сәтті өтті. Жалпы оқу ордасында төрт мыңнан астам емтихан өтеді. Техникалық жайттарға байланысты желіден ажыратылып қалған студенттер (бірінші күні 20 оқиға тіркелді) қайта тапсыруға құқылы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған