Қарияларға қамқорлық

Сарыбел еріктілері ауданымыздағы өз қамқорлығындағы жандарды назардан тыс қалдырған емес.

«Біз біргеміз» акциясы аясында кентіміздегі ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты қарияларға үй шаруасына қолғабыс тигізіп, бау-бақшасының шөптерін шауып, ауласын сыпырып, қоқысты шығарады. Мерекелер болсын, жай күндері де ұмытпай барып тұрады. Қариялар көмекшілерін әрдайым қуанышпен қарсы алады.

– Ақыл мен парасаттың, тәлім мен тәрбиенің және ұлттық рух пен жігердің қайнар көзі қарияларға құрмет көрсетіп, қолғабыс тигізу – біз үшін ең абыройлы міндет,- дейді Жастар ресурстық орталығының маманы Дмитрий Филипов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған