Қарағандылықтар «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» телевизиялық байқауына қатыса алады

Бірінші Қарағанды телеарнасы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ақынның 90 жылдығына арналған «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» атты телевизиялық байқауын өткізеді. Іріктеу кезеңіне арналған өтінімдер мен бейнелер осы аптаның соңына дейін қабылданады.

Іріктеу кезеңіне үшін қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқып, сол жайлы бейне жазып алып келуі керек. Ролик WhatsApp-қа 8-708-393-45-48 нөмірі бойынша жіберіледі, сондай-ақ осы телефон арқылы төрт кезеңнен тұратын шығармашылық байқау туралы толық ақпарат алуға болады.

Бірінші кезеңде қатысушылар ақынның бір шығармасын таңдап, оны мәнерлеп оқиды. Екінші кезеңге өткендер автордың бір әнін шырқап, тағы бір өлеңді мәнерлеп оқуы керек. Үшінші турға жеткен қатысушылар Мұқағали Мақатаев туралы екі минуттық бейнеролик дайындайды. Финалистер ақын туралы өлең мен эссе жазуы керек.

Байқауға оқушылар, студенттер және Қарағандының ересек тұрғындары қатыса алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған