Қарағандылықтар карантин жағдайында Пасха мерекесі мен Рамазан айын қалай қарсы алады

Діндарлар үшін ұлы мерекелер жақындап келеді. Православиеліктер 19 сәуірде Қасиетті Пасханы қарсы алады. 24 сәуір күні барлық мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы басталады.

Бұл мерекелер карантин жағдайында қалай өтетіні туралы Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Қарағанды және Шахтинск епископы Севастиан брифинг барысында айтып берді.

– Ең алдымен, мен өңірдегі барлық мұсылман қауымы мен православие христиандарын Рамазан мен Пасха мерекесімен құттықтағым келеді. Биылғы жылы төтенше жағдай режимі мен карантинге байланысты оларды дәстүрден тыс атап өтуге тура келеді. Азаматтардың денсаулығы мен өмірі – басты құндылық. Адамдардың қауіпсіздігі үшін діни бірлестіктердің қызметі шектелді, – деді қарағандылықтарға дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел.

Дін қызметкерлері карантинді дұрыс және уақтылы шара деп атады. Және келушілерді мәжбүрлі шектеуге түсіністікпен қарауға және төзімділікке шақырды.
– Өкінішке орай, бүгінгі күні бүкіл әлемді коронавирус пандемиясы шарпып отыр. Бұл инфекция біздің мемлекетімізге, біздің өңірімізге де әсер етті. Адамдар бұдан зардап шегуде. Біз барлығымыз ерекше сынақтан өіп жатырмыз. Құдай адамға бұл қиындықтарды жеңуге көмектеседі, – деді Қарағанды және Шахтинск епископы Севастиан, барлық православиелік адамдарды алдағы Пасхамен, ал мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып.

Шіркеулерде пасхалық Құдайға құлшылық ету жүргізіледі, бірақ келушілердің қатысуынсыз. Қарағанды епархиясының https://www.instagram.com/karaganda.eparhia/ ресми Instagram-да және http://eparhia.kz епархия сайтында онлайн режимінде қосылу бойынша нұсқаулық орналастырылған.
Алматы қаласының Вознесенск кафедралды соборындағы басты Құдайға құлшылық етуді тікелей эфирде көруге болады. Пасха түні трансляцияны Еуразия бірінші арнасы өткізеді.

Епархия басшысы қарағандылықтарды қасиетті Пасханы отбасылық шеңберде, достарын және көптеген туыстарын шақырусыз атап өтуге шақырды. Және ата-аналар күні зиратқа барудан бас тартуды өтінді. Туған-туыстардың жаны үшін дұға етіп, ал кейін карантин аяқталған кезде зиратты ретке келтіруге болады.

– Біз Рамазан айын 24 сәуірде бастаймыз, ал 23 сәуірде тарауихтың кешкі дұғасы өткізіледі. Біз мешітке келіп, мінажат ете алмаймыз – карантин жағдайында әрқайсымыз мұны өз үйімізде жасауымыз керек. Рамазан айында ораза ұстау міндетін әрқайсымыз өз мойнымызға алайық. Ораза – осы бір қасиетті айда мұсылмандардың орындайтын бес парызының бірі, – деді Өмірзақ қажы Бекқожа мұсылман қауымына. – Егер сіз ауызшар өткізуге ниет білдірсеңіз, мұқтаждарға қаржылай көмек көрсетіңіздер. Бұл ең үлкен сауап болады. Бірақ қонаққа бармаңыздар және өзіңіз де шақырмаңыз. Карантинді сақтаңыздар және қоғамдық орындарда жиналмаңыздар. Біз өз денсаулығымызды сақтау үшін осы нұсқаулықтарды орындауымыз керек. Және де Рамазан-садака әл-фитр мен Зекет өте маңызды. Бірақ әзірге олардың мөлшері анықталған жоқ.

Рамазан басталғанға дейін үш күн бұрын брифингте оларды қайда және қалай төлеуге болатыны айтылады.
Облыстың бас имамы сондай-ақ оразаны кімге және қалай ұстау керектігін айтты. Шариғатқа сәйкес, ораза сау мұсылман үшін міндетті болып табылады. Ауыратындар немесе денсаулығы нашар, жүкті, бала емізетін аналар, сондай-ақ жолда жүргендер ауыз бекітуді кейінге қалдыруы мүмкін, деп түсіндірді Өмірзақ қажы Бекқожа. Сонымен қатар ол барлық мұсылмандарды қасиетті аймен, ал православиелік христиандарды Пасхамен құттықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған