Қарағандылықтарға аймақтағы коронавирус жағдайы туралы күн сайын хабарлайтын болады

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев аймақтағы COVID-19 коронавирус жағдайы туралы айтып берді. Бұл ақпарат елдегі төтенше жағдай режимі өтетін уақыт аралығында күн сайын жаңартылып отырады.

47 қарағандылық карантинде тәулік бойы бақылауда. Олардың барлығы 1А – Италия, Иран, Оңтүстік Корея, ҚХР-дан келген.
Үй карантинінде – 52 адам, медициналық бақылауда – 155 адам. Тағы 260 адамдәрігерлердің дистанциялық мониторингінде. Оларда коронавирус белгілері жоқ.
– Бүгінгі таңда 250 мың бетперде әкелінді, «Биосфера» дәріханасына жеткізу басталды. Апта соңына дейін өңірге тағы 200 мың бетперде жеткізіледі, – деді Ержан Нұрлыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде дезинфекциялық ерітінділер өндірісі бар.
– Дезқұралдардың алыпсатарлығына жол бермеу үшін оларды денсаулық сақтау басқармасының рұқсат қағазы бойынша беріледі. Жеткізу тәсілі – өздері алып кетеді. Біздің іс-әрекеттеріміздің ашықтығын қамтамасыз ету үшін біз әлеуметтік желілерде дезқұралдарды алатын күндер, тиеу көлемдері және дезқұралдарды алушылар туралы ақпаратты орналастыратын боламыз, – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Ол сондай-ақ облыста маскалар мен антисептиктерді сатып алуға қаражат бөлінетінін айтты. Олар Денсаулық сақтау, полиция, ХҚКО және басқа да бөлімшелердің қызметкерлерін қамтамасыз етеді, олардың қызметкерлері адамдармен тұрақты байланыста болады.
Қарағанды облысының стационарларында карантин жарияланды. Келушілерді науқасқа кіргізбейді, бірақ қажетті заттар мен азық-түліктерді белгіленген уақытта беруге болады.
Денсаулық сақтау басқармасының мамандары ТЖ режимі кезінде адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Қазақстандықтарға үйде қалуға, отбасылық салтанаттардан және естелік іс-шаралар өткізуден бас тартуға кеңес беріледі. Коронавирусты алдын алу үшін қолды және бетті сабынмен жиі жуу қажет.
ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда дәрігерді үйге шақыру керек.
Аймақта COVID-19 вирусы туралы ақпаратқа алу үшін денсаулық сақтау басқармасының (8-7212) 955-559 шұғыл желі телефоны бойынша хабарласуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған