Қарағандылық спортшылар UWW грепплингтен ересектер арасындағы ҚР чемпионатында алты медаль жеңіп алды
Қостанайда ересектер арасында UWW грепплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 17 құрама қатысты.
– Медаль үшін тартыс өте қызу өтті, – деп атап өтті Қарағанды облысы UWW грепплинг федерациясының басшысы Вадим Брамонтов. – Көптен жарыстар өткізілді. Жігіттер шайқасқа ұмтылып тұрды. Қарсыластар да өте мықты болды. Айтпақшы, чемпионатқа қатысушылардың орташа жасы – 23-24 жас. Қарағандылықтар алты медальға ие болды: алтын, үш күміс және екі қола. Енді финалистер мен жүлдегерлер оқу-жаттығу жиынынан өтуі керек. Ал келесі жылы құрама сапында Әлем және Азия чемпионатына қатысамыз деп үміттенеміз.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері:
Арман Серікұлы – бірінші орын;
Айбар Оразылы – екі екінші орын (GI және NOGI бөлімдері);
Олжас Нұртақанов – екінші орын;
Нұржан Баймағамбетов – үшінші орын;
Арұлан Құрманалиев – үшінші орын.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша