Қарағандылық спортшылар паракаратедан Қазақстанның бірінші чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Жақында Қазақстанда паракарате бойынша республикалық Федерация аккредиттелді. Бұл спорт түрі қазір елімізде белсенді дамып келеді. Қарағандылық спортшылар елімізде алғаш рет өткен паракаратеден ҚР онлайн-чемпионатына қатысты. Мүмкіндігі шектеулі каратэшілер арасындағы біріншілікке он облыстың өкілдері қатысты.

Қарағанды қаласының № 2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері атақты спортшы және жаттықтырушы Виктор Ешкиннің жетекшілігімен осы жекпе-жек өнерімен айналысуда. Біздің өңірдің намысын оның үш оқушысы қорғады. Олардың барлығы медаль жеңіп алды. Елена Овечкина мен Лидия Новосельская чемпионаттың жеңімпаздары атанды, ал Кирилл Чичкан екінші орын алды.

– Көп жағдайда менің балаларымда тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен байланысты аурулар бар. Чемпионатқа сондай-ақ арбашылар, менталдық проблемалары бар және нашар көретін спортшылар қатысты. Мұндай адамдармен жұмыс істеу, әрине, қиын және өте жауапты. Бірақ біз маңызды нәтижелерге қол жеткізгенде, жеңіске жетсек, ең керемет эмоцияларды сезінеміз. Сондықтан мұндай жарыстар өте қажет және маңызды, – деді Виктор Ешкин.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған