Қарағандылық сегізінші сынып оқушысы өз жас санатында Қазақстанның үздік футбол қақпашысы атанды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен GOLZHASCUP қақпашыларының республикалық турнирінде Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы Ислам Әшім бірінші орынды иеленді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам жасөспірім қатысты.

– Мен 7 жасымнан бастап футбол ойнаймын. Жаттықтырушым бірінші сабақта мені қақпаға қойды. Маған қақпашы болу ұнайды, өзімді өз орнымда сезінемін. Футбол мен үшін қазір хобби ретінде. Бірақ бастапқыда ойнай бастағанда, мен кәсіби футболшы болғым келген, – дейді Ислам Әшім.

Жас футболшы Қарағандының «ЖасStars» клубында айналысады. Оны Нұрлан Жаметов жаттықтырады. Исламның тәлімгері де қақпашы, сондықтан ол футбол өкілдері қандай қасиеттерге ие болу керектігін жақсы біледі.

– Ол менің қарауымда алтыншы жыл айналысып келеді. Барлық турнирлерде үздік қақпашы болды. Республикалық жарыстар туралы екі күн бұрын біліп, қатысуға шешім қабылдадық. Мен Исламның жеңіске жететініне сенімді болдым. Ол бірінші ойынды қалт жіберіп алды, бірақ содан кейін жинақталып, барлық кейінгі ойындарда жеңіске жетті. Финалда ол елордалық «Астана» клубының қақпашысынан басым түсті. Енді ол өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы, – деді «ЖасStars» клубының жетекшісі Нұрлан Жаметов.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.