Қарағандылық Ерұлан Ысқақов үшінші рет грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы атанды

Қарағандылық спортшы Ерұлан Ысқақов Алматыда өткен грек-рим күресінен республикалық біріншілікте жеңіске жетіп, үшінші рет ел чемпионы атанды. Спортшы 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 25 қараша күні оның қарсыласы Қызылорда облысынан келген Олжас Сырлыбай болды.

Бұл өте маңызды жарыстар. Дәл осы додада Токиодағы олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтындар іріктеледі. Біздің команданың екі лицензиясы бар. Жаттықтырушылар штабы спортшылардың тағы төртеуін жеңіп алады деп үміттенеді.

Ерұлан Ысқақов – Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлердің бірі. Бұл жолдаманы келесі жылдың наурыз айында Қытайда өтетін Азия чемпионатында және сәуір айында өтетін әлемдік деңгейдегі біріншілікте ұтып алуға болады. Бірақ біздің спортшылар осы жарыстарға қатыса ма және олар жалпы өткізіле ме, жоқ па – эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған