Қарағандылық азамат Қазақстанның ең үздік мемлекеттік қызметшілерінің қатарына енді

Бүгін, 23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Осы күнге орай Үздік мемлекеттік қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыс етілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Биылғы жылы 72 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, ең маңызды және күрделі міндеттерді табысты орындағаны үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталды, – деді Анар Жайлғанова.

Сондай-ақ, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін үшінші жыл қатарынан «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқау өткізіледі.

Биыл оған Қазақстанның 761 мемлекеттік қызметкері қатысты. Жеңімпаздар қатарында Қарағанды ​​қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Берік Досымбеков бар.

Бүгінде мемлекеттік қызметте 89 мың адам жұмыс істейді, оның 42 мыңнан астамы – өңірлерде. Барлық мемлекеттік қызметкерлер санының жартысынан астамы (55,7%) – әйелдер.

– Жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жас мемлекеттік қызметші, оның ішінде 1500-ден астам адам түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істейді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттіктің іске асырған ауқымды жобалардың бірі президенттік Жастар кадрлық резервін қалыптастыру болды. Қазақстанда алғаш рет пайдаланылатын іріктеу форматы еліміздің барлық өңірлерінен және одан тыс жерлердегі жас азаматтардың едәуір бөлігін тартты. Жас білікті және жігерлі басқарушылардың пулы құрылды, – деп атап өтті Анар Жайлғанова.

Бүгінгі таңда 142 резервші мемлекеттік қызмет жүйесі мен квазимемлекеттік сектордың жауапты учаскелерінде жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған