Қарағандылық Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

     

Бокстан Қазақстан командасының капитаны қарағандылық Абылайхан Жүсіпов Белградта өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал ел құрамасы жалпы есепте екінші орында тұр.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Абылайханның қарсыласы Жапониядан келген Севонрец Оказава болды. Жекпе-жек қортыныдысы үшінші раундта шешілді, оған дейін екі спортшы бірдей позицияда болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен жапониялық боксшы жеңімпаз атанды.

— Бұл менің үшінші қола медалім. Бірақ, спортшы бола отырып, көп жылдар бойы бокспен айналысып келе жатқандықтан, әрине, алтын медаль алғым келеді. Дегенмен, біз тоқтамаймыз және тек алға қарай қадам басамыз, — деді Абылайхан.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте чемпионатта екінші болды, ал AIBA біздің құраманы Ranking by NOC рейтингінде бірінші орынға қойды.

AIBA турнирдегі белгілі бір құраманың барлық боксшыларының жекпе-жегін ескереді. Нәтижесінде 43 ұпай жинап, Ranking by NOC рейтингінде бірінші орынды Қазақстанның ұлттық ерлер жасағы (13 боксшы) иеленді. Куба құрамасы (8 спортшы) 36 ұпай жинады, 3—4 орынды американдықтар (9 жауынгер) және 13 боксшысы бар ресейліктер бөлісті — бұл командалардың әрқайсысы 34 ұпайдан жинады.

sports.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.