Қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жеті ақын-жазушысын Абай атындағы Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықпен марапаттау туралы жарлық шығарды. Сыйлық лауреаттарының бірі – қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлы.

Қазақ ақыны Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Серік Ақсұңқарұлы ҚарМУ-ды бітірген. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде бөлім меңгерушісі болды. Қарқаралы ауданының «Коммунизм таңы» газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды өңіраралық бөлімшесінің жауапты хатшысы, «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдеби кеңесшісі. Серік Ақсұңқарұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды бөлімшесінің директоры, Абай халықаралық клубының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Президентінің стипендиаты, «Алтын жол» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының лауреаты».

Ақынның бірқатар өлеңдері «Көктем тынысы» және «Қарлығаш» жинақтарында жарияланды. Ол «Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті», «Ғасыр кардиограммасы», «Жезтасын», «Қызыларай» және «Адам-Ата – Хауа Ана» атты әдеби шығармалардың авторы.

Серік Ақсұңқарұлы аудармашы ретінде де танымал: қазақ тілді оқырман үшін ол Александр Пушкиннің, Анна Ахматованың, Марина Цветаеваның, Евгений Евтушенконың, Андрей Вознесенскийдің, Роберт Рождественскийдің және т. б. өлеңдерін аударған.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған