Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтар мен қала қонақтарын ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған концертке шақырады. Мерекелік шара 30 қараша күні «Шалқыма» концерт залында өтеді.

Концерттік бағдарлама Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйімен ашылады. Көрермендер оркестрдің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен «Алтын дән», Мұқан Төлебаевтың «Поэмасын» және басқа да көптеген танымал шығармаларды тыңдай алады.

Бұл кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов «Когда весна придёт – незнаю» әнімен және Қазақстанның мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркенов «Арқаның алтын аймағы» шығармасымен жеке ән шырқайды. ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башайдың орындауында «Құстар қайтып барады», ал халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан көрермендерді «Алтыным» әнімен қуантады.

Мерекелік концерттің дирижерлері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев пен халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.

Іс-шара сағат 18.00-де басталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған