Қарағандыда медициналық университеттің студенттеріне арналған жатақхана салынуда

Қарағанды медицина университетінің студенттеріне арналған жатақхана «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасы аясында салынуда. Бүгінгі таңда университетте бес мыңнан астам адам оқиды, алоқу ордасының қолданыстағы жатақханаларында 2 500 орын бар. Ғимарат құрылысы басқа қаладан келген 400 студенттің тұру қажеттілігін өтейді.

Жаңа жатақхана Ержанов көшесінде орналасатын болады. Жер телімін Қарағанды әкімдігі бөлген. Оны рәсімдеу бойынша процесстер аяқталды. Мердігер – «Казстройподряд» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жатақхана университеттің өз қаражаты есебінен салынуда. Ол 2021 жылдың үшінші тоқсанында есігін айқара ашады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған