Қарағандыда коронавирустан алғашқы науқас сауығып шықты

11 сәуір күні Қарағандыда коронавирусты жұқтырып алған алғашқы науқас шығарылды.

Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Бұл өңіріміздегі COVID-19 жұқтырған бірінші адам болды.

Екі мәрте тексеруден өткізген соң, оның жазылып шыққаны анықталып, медициналық мекемеден шығарылды. Дегенмен, ол тағы 14 күн үй карантинінде болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған