Қарағандыда карантин ережесін бұзушыларды анықтау жалғасуда

Қарағандыда құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері кіретін мобильді топ пен Жедел әрекет ету орталығы бизнес нысандарының карантин ережелерінің сақталуын тексеру бойынша рейдтер өткізуді жалғастыруда. 18 шілдеде мобильді топ БАҚ өкілдерімен бірлесіп Ермеков көшесі, 33/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Спектр» түнгі клубының жұмыс істеп тұрғанын анықтаған.

Тексеріс кезінде «Спектрдің» арт-алаңында жүзден аса жастар болған. Тәртіп сақшылары мен БАҚ өкілдерін көре сала, олардың басым бөлігі клубтан кете бастаған.
Алайда көңіл көтерушілер арасында полицияға бағынбай, БАҚ қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасағандар да болды.

Осылайша, ішімдік ішкен клуб қонақтарының бірі LIFE09 интернет-порталының операторының бейнекамерасын жұдырықпен ұрып, сындырды. Ереже бұзғандардың барлығы – шамамен 20 адам – Михайлов полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ рейд барысында Бұқар-жырау, 28 мекенжайы бойынша орналасқан «То место» кальян клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталды.
Карантин талаптарын орындамаған көңіл көтеру орындарының басшыларына 640 мың теңге көлемінде (230 АЕК) айыппұл салынуы мүмкін.

Жалпы, Қарағандыда карантин талаптарының сақталуына қатысты 2 241 тексеру жүргізілді, ережелерді бұзған 146 нысан анықталды, олардың 72-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған