Қарағандыда Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білуге арналған HalyQuiz ойыны өтті

Этномәдени орталық өкілдеріне арналған HalyQuiz зияткерлік ойыны Қарағанды облысының Достық үйінде өтті. Ұйымдастырушылар алдарына бірнеше мақсат қойды: қатысушыларды біріктіру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және командада жұмыс істеу қабілетін жақсарту.

Ең бастысы – әртүрлі этностар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін қаншалықты жақсы білетінін түсіну.

Зияткерлік додада неміс, корей, поляк, тәжік, литва және шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің командалары жарысты. Ауқымды

бағдарлама барлық қатысушыларға зияткерлік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар қазақ халқының тарихи оқиғалары мен деректеріне, салт-дәстүрлерге байланысты көптеген сұрақтар дайындаған. Музыкалық және бейне сұрақтар қатысушыларды ерекше қызықтырды.

Бірнеше кезеңдердің қорытындысы бойынша Польша қоғамының SowA командасы көзге түсті.

«Мугунхва» корей бірлестігінің қатысушылары Абай және Әл-Фараби шығармаларын  жақсы білетіні анықталды. Олардан бір баллға «Персеполис» командасы артта қалып қойды.

Барлық ойыншылар Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы тамаша білімдерін көрсетті. Ең көп ұпай жинаған үздік командалар дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ойын барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған