Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері 17 қазанда басталады

Қарағанды облысында жергілікті фермерлер мен кәсіпорындардың қатысуымен дәстүрлі «Ауыл Береке» ауылшаруашылық жәрмеңкелері жалғасуда.

Қарағандыда алғашқы жәрмеңкелер 17-18 қазанда»Global City» КТО аумағында өтеді. Нарықтық бағадан төмен құнмен өнімдердің үлкен ассортименті ұсынылады.

Облыс тауар өндірушілері екі күнде 955 тонна өнімді сатуды жоспарлап отыр. 140 тоннаға жуық ет және ет өнімдері, 36 тонна сүт және сүт өнімдері, 300 мың дана жұмыртқа, 540 тонна картоп, 220 тонна көкөніс жеткізіледі.

Қарағандыда келесі жәрмеңкелер 24 қазан мен 7 қарашаға жоспарланған.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 31 қазанға дейін өткізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған