Қарағандыда аурушаңдықтың өсуіне байланысты КВИ емдеуге арналған госпитальдерді қайта іске қосу басталды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев инфекциялық стационарлардағы төсек қорының көбеюі туралы мәлімдеді.

– Соңғы аптрада бір КВИ науқастары санының артуын байқап отырмыз. Тәулігіне 95 адамға дейін тіркелуде. Эпидемиялогиялық зерттеулер көрсеткендей, аурушаңдықтың өсуіне наурыз айындағы мерекелер әсер еткен.  Карантин шараларының күшейтілуіне қарамастан, адамдар бір-бірлерімен көздесіп, өзара тікелей байланысқа түсуін доғармаған. Сондықтан осындай серпілік болды, – деді ведомство басшысы. – Бұл төсек қорына жүктемені арттырды. Біз коронавируспен ауыратындар үшін қосымша орын дайындауға шешім қабылдадық. Бізде 2 мыңнан астам төсек-орын резервте тұр, оларды біртіндеп қайта іске қосып жатырмыз, – деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 700-ге жуық төсек-орын ашылды. Келесі аптаға дейін тағы 400-ін ашу жоспарлануда.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде проблемалар жоқ. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар.

Емханалар жанындағы мобильді бригадалар өз тиімділігін көрсетті, деп атап өтті басқарма басшысы. Қарағанды бойынша олардың саны 300-ден асады. Мобильді бригадалардың жұмысын кешкі сағат онға дейін ұзарту көзделіп отыр.

Өткен жылы мобильді бригадалар көлікпен қамтамасыз етілді. Барлығы 102 санитарлық машина сатып алынды.

Сондай-ақ, медициналық инфрақұрылымды нығайтуға қомақты қаражат жұмсалды. Бүгінгі күні облыста 26 компьютерлік томограф, КВИ бар пациенттерге арналған 364 ӨЖЖ аппараты бар. 40 сандық рентген-аппарат, 2 800 оттегі концентраторы және басқа да жабдықтар сатып алынды. 25 медициналық ұйымда оттегін орталықтан беру жүйесі жүргізілді.

– КВИ-дің алғашқы толқынындағы тәжірибе мен қателіктерді ескере отырып, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы күшейтілді, – деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған