Қарағандыда Абай көшесі ашылды

Қарағандыда қазақтың ұлы философы және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның есімімен қала көшесі аталды. Салтанатты шара ақын ескерткіші жанында өтті.

– Ұлы ойшылдың шығармаларын құрметтеу және насихаттау – біздің парызымыз. Баршаңызды Қарағандының басты көшелерінің біріне Абай есімін беруімен құттықтаймын. Бұл үлкен құрметтің белгісі. Абай – еліміздің мақтанышы ғана емес, ол әлемдік деңгейдегі данышпан. Оның жұмыстары әлі күнге дейін баршамыз үшін рухани қайнар көзі болып табылады, – деді Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық Абай клубы сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы Абайға арналған өлең оқып, еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті:

– Мен әлемнің барлық классик ақындарының шығармаларын оқыдым: Пушкин, Гете және басқалар. Бірақ Абай шығармалары – бұл бөлек шексіз шығармашылық тұңғиық. Бүгінде оның барлық дерлік шығармалары орыс тіліне аударылмаған. Абайды білу үшін қазақ тілін үйрену керек деп есептеймін.

Көшенің ашылуына Dacia румын этномәдени орталығының Жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов келді.

– Қаламызда Ұлы ойшыл Абайдың есімімен аталатын көшенің пайда болғаны өте жақсы, – деді Александр Урмашов. – Оның еңбегі мен үлесі бүкіл әлемде мойындалған. Биыл Бухарестте Абай бюстінің ашылуы өтті. Бұл Қазақстанның ұлттық жаңғыруға деген ұмтылысын бүкіл әлем қолдайтынын білдіреді.

Шара соңында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған