Қарағанды тұрғындары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құжат тапсыра алады

Қарағандыда 27 қаңтарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі негізінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша несиелік тұрғын үй алуға құжаттар қабылдау басталады.


Бағдарламаға келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:
1. көп балалы отбасылар;
2. толық емес отбасылар;
3. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар.
ҚТҚЖБ-ның шотында бастапқы жарна болған кезде 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша банк алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын ұсынады:
алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде;
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» ҚР 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген мөлшерде аралық тұрғын үй заемдары бойынша.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2. Сәйкесінше қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген отбасының әрбір мүшесіне екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын соңғы 6 айдағы Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есептемегенде) табыстың болуы;
3. неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
4. төлем қабілеттілігін растау;
5. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес ЖАО-ның тұрғын үйге мұқтажды есепке қоюды және көзделген санаттағы қатысушылар бойынша тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінің расталуы.
Бағдарламаға қатысуға арналған өтінішке мынадай құжаттар қоса тапсырылады:
1. өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігі, неке қию туралы куәлік, қайтыс болуы туралы куәлік);

2. толық емес отбасылар үшін – өтініш берушінің соңғы үш жыл ішінде некеде тұрмағаны туралы нотариалды түрде куәландырылған өтініш;

3. көп балалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар үшін – тіркелген некесі болмаған жағдайда нотариалды расталған өтініш қажет;

4. өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің немесе Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

5. жалақы туралы анықтама;

6. «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша есепте тұрған азаматтар үшін мүгедектігі туралы анықтама.

Өтініш берушілер құжаттар салынған папканы тігуді және беттерді нөмірлеуі абзал.

Құжаттар 27 қаңтардан 6 ақпанға дейін Қарағанды әкімдігінде қабылданады (Н. Назарбаев даңғылы, 39). Жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

karaganda-akimat.gov.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған