Қарағанды облысының жастары «Жастар» және «Жас Сұңқар» сыйлықтарымен марапатталды

ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Қарағанды облысында «Жастар» және «Жас Сұңқар» сыйлықтарымен марапаттау рәсімі өтті. Шахтинск және Осакаров аудандарында жас белсенділерге құрмет көрсетілді.

Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығы жыл сайын жастарға өмірдің түрлі салаларындағы жоғары жетістіктері үшін беріледі. 13-ші рет ұйымдастырылған марапаттау бірнеше номинация бойынша өтті.

«Үздік жоғары сынып оқушылары» болып Новодолинский кентіндегі №11 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Алексей Широбоков және Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Айнұр Нұрпейісова танылды.

«Колледждің үздік оқушысы» номинациясын Шахтинск технологиялық колледжінің студенті Еламан Байсарин жеңіп алды.

ShahanTV тілшісі Дариус Куцинас «Жастар көшбасшысы» атағына ие болды.

«Жылдың жас спортшысы» номинациясында жеңісті Сабыржан Аққалықов пен Руслан Фатахов бөлісті.

«Жылдың үздік еріктілері» деп «Біз Шахтинск қаласынанбыз» қоғамдастық жетекшісі Юлия Головина және «Қамқор-2007» ҚБ басшысы Мейіржан Шаяхметов танылды.

«Жасыл ел» штабының жетекшісі Қанағат Ешмағамбетов «Шахтинск аймағының жастар саясатын дамытуға қосқан менің жеке үлесім» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Жас кәсіпкер» сыйлығы SK FLOW заманауи би мектебінің негізін қалаушы Бекзият Кәріғұлға бұйырды.

Пандемияға байланысты іс-шара барлық санитарлық шараларды сақтай отырып өткізілді.

Осакаров ауданы әкімінің «Жас Сұңқар» сыйлығымен ауданның 12 жас көшбасшылары түрлі номинацияларда марапатталды. Әрқайсысына ақшалай сертификаттар берілді.

– Жастар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Бірнеше жылдан бері біз бұл сыйлықты өмірдің түрлі салаларындағы жетістіктерімен ерекшеленген ең белсенді жастарға табыстаймыз, – деді аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева.

Бұл жолы Садовое ауылының тұрғыны Екатерина Чу үздік «Жас денсаулық сақтау қызметкері» атанды.

Аудандағы алғашқы фастфуд кафесінің иесі Сержан Аманбала «Жас кәсіпкер» сыйлығымен марапатталды.

«Жас спортшы» номинациясында 100 келіден астам салмақта қазақша күрестен республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері Сержан Бейсенбаев жеңімпаз атанды.

Аудандық мәдени-сауық орталығының бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыратын режиссер Толғанай Бағдатова «Жас мәдениет қызметкері» номинациясын жеңіп алды.

«Жылдың жас қорғаушысы» атағы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Ғалым Дәуренге берілді.

Сыйлықпен марапаттау онлайн-режимде өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған