Қарағанды облысының ТЖ режиміндегі тыныс-тіршілігі: 22 наурыз

Қарағанды облысының автомобиль жолдарында санитарлық бекеттер жұмыс істейді. Онда полиция және санитарлық қызмет мамандары бірлесіп жұмыс атқаруда. Көлікпен қозғалуға ешқандай шектеулер жоқ. Барлық келетін және кететін жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайы тексеріледі. Осыған байланысты уақытша кептелістер болуы мүмкін.

Санитарлық бекеттер Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш және Нұра аудандарында ұйымдастырылды.
Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Екі жұқтырғандар ем алуды жалғастыруда, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Пациенттер оқшауланған және инфекциялық бөлімшенің боксталған палаталарында болады. Ауырғандар Қарағанды облысының тұрғындары болып табылмайды.

Бүгінгі күні карантинде 128 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде-34 адам, медициналық қадағалауда – 134 адам, ал қашықтықтан мониторингте – 341 адам.
Облыста эпидемиологиялық жағдай туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфиріндегі брифингтерде жиі айтылып отырады. Жақында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Теміртауда коронавирустың екі оқиғасы туралы қауесетті жоққа шығарды.
– Бұл жалған ақпарат! Күн сайын біз сіздермен эпиджағдайдағы өзгерістер туралы сенімді ақпарат алу үшін кездесеміз. Ресми түпнұсқаға сілтемесіз таратылатын күмәнді ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Үрейленбеңіздер, жалған мәлімет таратпаңыздар, бұл үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деді Ержан Нұрлыбаев.

Облыста санитарлық-карантиндік іс-шаралар жалғасуда. Олардың орындалуы қатаң бақылауда. 8000-нан астам объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген.
Бірқатар бұзушылық фактілері анықталды. Олардың барлығы назардан тыс қалған жоқ. Оларға қолданатын жаза қатаң, тіпті объектілердің қызметін тоқтатуға дейін. Полиция қызметкерлері бес әкімшілік істі сотқа тапсырды. Екі жағдайда субъектіге қатысты әкімшілік қамау қолданылды. Тағы үш іс қарастырылуда. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 9 нысан жабылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған