Қарағанды облысының ТЖ режиміндегі тыныс-тіршілігі: 19 наурыз

Төтенше жағдай режимі Қарағанды облысында төртінші күн жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында бірде-бір ауру анықталған жоқ. Стационарларда 148 адам карантинде жатыр.
Облыста үй карантинінде 19 адам, 331 – бақылауда, 273 – қашықтықтан мониторингте.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге, жұқпалыларға арналған 300 төсек және 48 реанимациялық төсек бар. 770 провизорлық және 1325 карантиндік төсек орын ашылды. Барлық жұқпалы және карантиндік бөлімшелер дәрі-дәрмектермен, медициналық маскаларымен, медиктерге арналған қорғаныш костюмдерімен толық жабдықталған.

Республикалық бюджет есебінен өңірде 36 өкпені жасанды желдету аппараты, 48 монитор, 52 аспиратор, -114 перфузор, 96 пульсоксиметр, 8 фибробронхоскоп, ЭКМО аппараты, 100 тепловизор және 857 бірлік жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.
Демеушілік қаражат есебінен короновируспен ауыратын науқастарды тасымалдау үшін екі капсула сатып алынды.
Санитарлық дәрігерлер адамдардың жаппай жиналатын 2 661 орнын бақылайды. Бутиктердің, дүкендердің, дәмханалардың және басқа да мекемелердің иелеріне «Пандемия кезеңінде Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 1649 қаулы таратылды.
Кәсіпкерлерге алдын алу-дезинфекциялық іс-шараларды өткізу туралы 2721 жадынама табыс етілді.
Іс-қимыл кезінде Қарағанды облысында 473 нысан жабылды. 12 кинотеатр, сауда-ойын-сауық кешені жанындағы 44 балалар ойын алаңдары, 167 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары және басқа да ойын-сауық орындары жұмыс істемейді.
Санитарлық режим 1971 объектілерде күшейтілген.

Шіркеуге, мешітке, синагогаға және соборға келушілердің санын шектеу уақытша ұсынылған.

Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті. Қоймаларда және тұрақтандыру қорында 66 мың тонна ұн, қант, жарма, күнбағыс майы және көкөніс бар. Бұл бір айға жетеді. Облысқа азық-түліктің үздіксіз жеткізілімі жалғасуда.
Картоп бағасының өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорынан интнрвенция жүргізіле басталды.

Вокзалдар мен автостанцияларда үнемі дезинфекция жүргізіледі. Сондай-ақ автобустар мен маршруттық такси салондары өңделеді.

Облыс орталығында күн сайын дезинфекциялық ерітінділермен аялдама павильондары, урналар мен орындықтар өңделе бастады.

Өңірдің барлық оқушылары мен студенттері қашықтықтан білім алуға көшірілді. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің оқытушылары жалақыны шығынсыз және шегерусіз алады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған