Қарағанды облысының тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге шақырады

Қарағанды облысының барлық тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасауға шақырады.

Аймақтағы вакцинация орталықтары күнделікті жұмыс режиміне көшті. Енді олар аптасына жеті күн 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

– Барлық тұрғындарды ерікті вакцинациядан өтуге шақырамыз. Пандемияны тоқтатудың бірден-бір тиімді әдісі вакцинация екенін ұмытпауларыңызды сұраймыз, – деп еске салды Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова.

Вакцинация орталықтарының телефондары мен орналасқан жерлері көрсетілген тізімі Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының сайтында орналастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған