Қарағанды облысының полицейлері Ғазиз Байтасовты еске алды

Қарағанды облысы ПД және оның бөлімшелерінің қызметкерлері 12 қарашада жұмыс күнін бір минут үнсіздікпен бастады. Олар «Халық қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы ІІД Жол полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов 2011 жылғы 12 қарашада жеті адамды өлтірген қылмыскерді ұстау кезінде денесімен гранатаны жауып, ерлік танытты.

– Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады. Ол патриотизмнің, Қазақстан халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Біз ондаған адамның өмірін құтқарған әріптесімізді ешқашан ұмытпаймыз, – деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев.

Қарағанды облысы ПД кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Қуаныш Медеубаев Ғазиз Байтасовқа арнап «Нағыз Халық Қаһарманы!» өлең шумақтарын шығарды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған