Қарағанды облысының медициналық мекемелері жаңа жабдықтар мен жедел жәрдем машиналарына ие болды

Қарағанды облысының медициналық мекемелеріне Shevrolet Damas маркалы бес жедел жәрдем көлігі берілді. Өңірге сондай-ақ құрал-жабдықтары бар гуманитарлық жүк келді. Облыс 5 өкпені жасанды желдету аппаратын (ӨЖЖ), 5 оттегі концентраторын, 80 пульсоксиметр алды.
«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көмек көрсетілді. Жабдықты «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры сатып алып, өңірлерге таратты.
– Биыл дәрігерлердің иығына ауыр сынақ түсті. Ұзақ уақыт бойы олар демалыссыз, отбасыларынан алыс жерде коронавирустың таралуымен күресіп, жерлестерінің өмірін сақтап қалды. Жедел түрде инфекциялық және провизорлық госпитальдар орналастырылып, медициналық жабдықтар, дәрілік препараттар сатып алынды. Жанашыр азаматтардың, меценаттар мен бизнестің жан-жақты қолдауының арқасында көп нәрсе жасалды және осылайша одан да үлкен зардаптардың алды алынды. Көрсетілген көмек үшін облыс тұрғындарының атынан ерекше алғысымызды білдіреміз, – дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
«Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаевтың айтуынша, көмек ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және коронавирустық инфекция пандемиясымен күресуге дайындықты арттыруға бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған