Қарағанды облысының компаниялары ІТ-мамандарды іздеуде

Пандемия санаулы айларда бүкіл дүние жүзіндегі еңбек нарығын түбегейлі өзгертті. Біздің өңірді де айналып өтпеді. Дағдарысқа қарамастан, кәсібилерге сұраныс жоғары. Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының ІТ-компаниялары мамандар тобына мұқтаж.

Оларға жоба менеджерлері, веб-дизайнерлер, SMM-менеджерлер, маркетологтар, баспасөз хатшылары, мәліметтер аналитиктері, жүйелік архитекторлар мен тағы басқалары қажет.

«Работа ІТ. Караганда» телеграм-каналында күн сайын бос орындар жарияланып отырады.

Сонымен бірге, Wooppay академиясында оқытудың ІІІ-ағыны жүріп жатыр. Компания веб-әзірлеу саласында тегін 3-айлық машықтанудан өту үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысынан еңбекқор және талантты адамдарды іздеп жатыр. Үздіктерін жұмысқа алады.

Толығырақ ақпаратты https://t.me/itjobkrg сілтемесі бойынша алуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған