Қарағанды облысының әкімшілігі мектеп оқушыларының жаңа оқу жылында қалай оқитынын айтты

Бүгін Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында жаңа оқу жылына дайындық туралы талқыланды. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова қашықтықтан оқытуға өту, компьютерлермен және оқулықтармен қамтамасыз ету туралы мәлімдеді.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың 312 мектебі қашықтықтан оқыту режимінде жұмыс істейді. Қалған 193 мектеп, оның ішінде ауылдық және шағын жинақты мектептер балаларды дәстүрлі үлгіде оқуын жалғастырады.

Бастауыш мектептің 3 623 оқушысы кезекші сыныптарға баратын болады.

Тәртіп бойынша бір сыныпты 15 оқушыдан артық болмауы тиіс, кабинеттік жүйе болмайды, сабақтардың ұзақтығы қысқартылады. Қазір өңір мектептері үшін зарарсыздандырғыш құралдар мен санитариялық талаптарды сақтауға қажетті жабдықтар сатып алынуда.

Қашықтықтан оқыту балалар үшін, сондай-ақ педагогтар үшін барынша қолайлы болуы үшін облыста компьютерлерді жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

– Бүгінде өңір мектептерінде 35 544 компьютер бар. Алайда олардың барлығы қашықтықтан оқыту үшін жарамды емес. Облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен 3 777 компьютер сатып алдық, оқу жылының басына дейін әлі де 5 034 компьютер сатып аламыз. Сондай-ақ, 977 бірлікті демеушілік қаражаттар есебінен сатып алу жоспарлануда. «Қазақмыс» корпорациясы 927 компьютер алып берді, тағы 50 бірлікті шаруа қожалықтары сатып әпереді, – деп Білім басқармасының басшысы мәлімдеді.

Барлық сатып алынған жабдықтар үйде компьютерлері жоқ мұғалімдер мен мектеп оқушыларына уақытша пайдалануға беріледі. Тапсыру  рәсімін 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

Қашықтықтан оқыту үлгісіне өтумен байланысты өзекті мәселелердің бірі – ғаламтормен қамтамасыз ету. Облыста 4 741 модем, оның ішінде 198 модем – демеушілік қаражаттар есебінен сатып алу жоспарлануда. 81 елді мекенде мобильді ғаламтор жылдамдығы ұлғайтылады. Байланыс 2G үлгісінен 4G үлгісіне ауыстыру жоспарда тұр.

– Алдағы оқу жылына дайындық өте маңызды. Апта сайн аудандарда қажетті жабдықтарды сатып алудың қалай өтіп жатқаны туралы есепті тыңдайтын боламын. Сонымен бірге, аса маңызды міндеттердің бірі – кадрлық қамтамасыз ету. Бағдарламаларды әзірлеу, баспана беру, жас мамандардың коммуналдық  мәселелерін шешу керек, – деп облыс әкімі Жеңіс Қасымбек тапсырды.

Сондай-ақ, өңірде оқулықтарды сатып алу белсенді жүріп жатыр. «Информатика» пәні бойынша 5-6 сынып, 11-сынып оқушыларына арналған оқу құралдары, информатика, химия, физика және биология бойынша үш тілді оқуға арналған кітаптар, түзету мектептерінің 3, 6 және 8-сынып оқушыларына арналған құралдар сатып алынды. 20% кітіп өңірдің оқу орындарына жіберілді.

Осы жылы 413 мектеп жөнделді. 141-інде күрделі жөндеу, 272-сінде – ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған