Қарағанды облысының әкімдігінде фронт-кеңсе ашылды

Қарағанды облысының әкімдігінде азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін фронт-кеңсе іске қосылды.

Жұмыс бір терезе қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Мұнда барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Шағымдар мен ескертулерді де қабылдайды.

Облыс әкімдігінің фронт-кеңсе демалыс күндерінен басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Осындай фронт-кеңселер Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Осакаров ауданының әкімдіктерінде жұмыс істейді. Алдағы уақытта барлық қалалар мен аудандарда ашылатын болады.

Халықпен жұмыстың жаңа форматы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы тапсырмасын орындау үшін енгізілді. Мақсаты – жұмыстың жеделдігін, ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған