Қарағанды облысының әкімдігінде бизнесті қолдау жөнінде онлайн-кеңес өтті

Уақытында тапсырылмаған статистикалық есеп, басым жобаларды қаржыландыру және т. б. үшін айыппұлдарды жою: ТЖ жағдайында бизнеске қосымша қолдау қажет. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің кәсіпкерлермен бірге өткізген онлайн-кеңесінде айтылды.

Жеңіс Қасымбектің бастамасы бойынша 11 сәуірде карантин кезінде жергілікті бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары мен кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті. Оған сауда, туризм, құрылыс, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, МКД және өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Әрбір қатысушы карантин кезеңінде жұмыстарында пайда болған проблемалық сәттерімен бөлісіп, бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанына қарамастан, қосымша шаралар қажет екендігі туралы айтты. Дәлірек айтсақ:
– микро және шағын бизнестің статистикалық есептілігін уақтылы тапсырмағаны үшін айыппұлдарды жою;
– ӘКК немесе МҚҰ арқылы отандық тауар өндірушілердің басым жобаларын қаржыландыру;
– жергілікті құрылыс компанияларының өткізілетін сатып алуларға қатысуына басымдылық ету. Мердігерлердің жергілікті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қарсы міндеттемелер қабылдауы;
– бизнесті қайта бағдарлауға дайын кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу, соның ішінде рұқсат беру құжаттарын жедел ресімдеу;
– жергілікті өнімдер мен туризм нысандарын кеңінен қолдау.

Облыс әкімі ТЖ кезінде бизнестің өзекті мәселелеріне қатысушылардың назарын аударды және келесіні атап өтті:
– Айтылған мәселелердің негізгі бөлігін жергілікті деңгейде шешуге болады. Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін адамдарды шоғырландыру және орталық мемлекеттік органдарға жіберу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ іске қосылған алғашқы күннен бастап Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында бизнеске көмек көрсететін жедел штаб жұмыс істейді. Күн сайын сарапшылардың байланыс нөмірлеріне жалпы саны мыңға жуық қоңырау келіп түседі. «Атамекен» ҰКП call-орталығы-1432, WhatsApp: +7-778-870-14-32. Жедел штаб – (8-7212) 50-40-55 (іш. 410), моб. тел.: 8-701-369-91-22 (Азамат Даненбаев). Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://atameken.kz/ru/pages/1012-biznesvrezhimechs, форс-мажор мәселелері бойынша – https://t.me/atameken_certificate_bot, қаржы қызметтері бойынша – https://t.me/Atamekencallcentre_bot.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған