Қарағанды облысының ірі супермаркеттерінде себеттер мен сөрелер дезинфекцияланады

Қарағанды облысында санитарлық бақылаудың күшейтілген режиміне 2 661 нысан ауыстырылды. Бұл сауда-ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындар. Бұл туралы тікелей эфирде Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров хабарлады.

– Біз супермаркеттердің ірі желілерінің иелерімен әңгімелесу өткіздік. Облыс бойынша барлығы 919 қолға себілетін санитайзерлер орнатылды. Барлық келушілерді тепловизор құралы арқылы тексереді. Қажет болған жағдайда, карантинге жатқызады.

Қарағанды облысында барлығы 473 нысан жабылды. 12 кинотеатр, сауда-ойын-сауық кешені жанындағы 44 балалар ойын алаңдары, 167 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары және басқа да ойын-сауық орындары жұмыс істемейді.
Санитарлық режим 1 971 нысанда күшейтілген.

Шіркеулерде, мешіттерде, синагогаларда келушілердің санын шектеу уақытша ұсынылған. Саниталық дәрігерлер жамағатқа намаздары мен шоқыну рәсімдерін үйлерінде өткізуге кеңес береді.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мамандары Қарағанды облысындағы 17 автопаркті бақылайды. Барлық келушілерді тепловизор құралы арқылы тексереді. Қажет болған жағдайда, карантинге жатқызады.

Дезқұралдарды қолдана отырып ылғалды жинау күніне екі рет вокзалдарда, автостанцияларда, ХҚО-да, қонақ үйлерде, дәріханаларда, дүкендерде және басқа да қоғамдық орындарда жүргізіледі.

Қарағанды әуежайына келгендердің барлығын дәрігерлер тексереді, содан кейін кез-келген елден ұшып келгендер карантинге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қарағанды облысында коронавирусты жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ. Дегенмен, аймақ тұрғындарына мүмкіндігінше үйде қалуды, қолдарын және бетін сабынмен жиі жууды, антисептиктерді пайдалануды, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуды және дүкендерге отбасы мүшелерінің біреуін ғана жіберуді ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған