Қарағанды облысының ХҚКО тек онлайн жұмыс істейтін болады

Бүкіл ел бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде өз жұмысын тоқтатты. Бұл тапсырманы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі комиссия отырысында берді.

Онлайн режимде Қарағанды облысының ХҚКО да жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді. Сондай-ақ жеке қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдік қосымшасында, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында, Facebook және Vk әлеуметтік желілерінде қолжетімді.

ХҚКО-ның 1800-ден астам тәжірибелі және даярланған қызметкерлері 1414 байланыс орталығының кеңесшілерімен бірге қазақстандықтарға онлайн-форматта консультациялық көмек көрсететін болады.
Call-орталықтар бір мезгілде мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Call-орталықтардың жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі күндер аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін. Ұялы және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкіметтің» 200-ден астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильдік азаматтар базасында тіркейтін болады.

Егер 21 наурызға дейін құжаттар тапсырылса, онда дайын құжатты тапсырылған қызмет көрсету орталықтарында дайын құжаттарды беру терезесінен алуға болады. Көлік құралын қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттарды және нөмірлерді өз қаласының мамандандырылған ХҚКО-нан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі ғана жұмыс істейтін болады.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – 09.00-ден 14.00-ге дейін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған